12
қазан
2023
Мектептің ашылу салтанаты!
Бүгін Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында "Мемлекеттік жекеменшік әріптестік" негізінде салынған, еңсесі биік, заманауи технологиямен жасақталған білім ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Жалпы мектеп 1500 балаға арналған.1 қыркүйек “ Мектебім-мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау және жаңа мектеп гимназия ғимаратының ашылу салтанатты жиыны өтті. Жиынға Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естенов, Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Ақмарал Бахытовна Атенбекова және Қарасай ауданының құрметті азаматтары мен ардагер ұстаздары қатысып, білім алушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Мектеп кілтін "BI GLOBAL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба жетекшісінің орынбасары Свистунов Николай Иванович, мектеп директоры Қорлан Даутханқызы Тұрсыноваға салтанатты түрде табыстады. Салт- дәстүріміз бойынша Қарасай ауданының ардагер ұстазы, қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Ұлтарақұлы Мәсімақынов атамыз ақ батасын берді. Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін 1- 11 сынып жетекшілері “ Мектебім-мейірім мекені”атты тәрбие сағаттарын өткізді.