Тұрсынова Қорлан Дәуітханқызы » «Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназия»
«Аматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 851-13-80
Есепші бөлімі:
+7(747) 798-25-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

Тұрсынова Қорлан Дәуітханқызы

Өмірбаян

    Мен, Тұрсынова Қорлан Дәуітханқызы, 14.02.1977 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында  дүниеге келдім. 

1994 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік аяқтадым. 

  1994-1998 жылдары Қазақ Қыздар Педагогикалық институтының филология факультетін  үздік дипломмен аяқтадым. 

   Еңбек  жолымды 1998 жылы "Дарын" әлеуметтік-гуманитарлық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде бастадым.     1999-2001 жылдары Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты  № 153 гимназиясында;

   2001-2004 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылының М. Маметова атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде;

   2004-2009 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі әкімдігінің бас маманы қызметінде;

   2009-2011 жылдары Қарасай ауданы, М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінің директоры қызметінде;

   2011-2023 жылдары  Қаскелең қаласы, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің директоры қызметінде; 2023 жылдың 4 қаңтарынан бірінші басшыларды ротациялау заңына сәйкес  Қаскелең қаласы,   Н. Әлімқұлов атындағы орта мектебінің  директоры болып ауыстым.  

      26 маусым 2023 жылдан  "Қаскелең қаласындағы мектеп – гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін атқарушымын. 

   Отбасымда бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын. 


Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Есептік квартал 203, құрылыс 1394/1, пошта индексі 040900

©2023, Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru