Алматы облыстық чемпионат
16-18 ақпан күндері аралығында Талғар қаласында қол күресінен жастар, жасөспірімдер және жасжеткіншектер арасында өткен Алматы облысының чемпионатында мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Сахи Рысбек 55 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегері атанды. Алдағы наурыз айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында оқушымызға сәттілік тілейміз!!! Жетекшілері: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Е.Солтанаев,Д.Мусоев