1-сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады! ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz порталы арқылы 1-сәуір сағат 09:00-ден бастап жүктей аласыз.
Құрметті Қаскелең қаласының тұрғындары!Қаскелең қаласы Қарлығаш ықшам ауданында бой көтерген жаңа мектептің есігі сіздер үшін айқара ашық! Балаңыздың сапалы, жақсы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған!